Қазақстандықтар мобильді интернетті Орталық және Шығыс Еуропа тұрғындарына қарағанда 30 пайызға артық тұтынады.
Мұндай дерек Ericsson компаниясының зерттеуінде жарияланды. Бұл елдегі байланыс инфрақұрылымына салынған инвестиция мен интернеттің қолжетімділігінің нәтижесі. Kcell компаниясы желіні дамыту жұмыстарын жалғастырып, келер жылы тағы 1700-ге жуық базалық станса орнатуды жоспарлап отыр.
Халықтың мобильді интернетке деген сұранысы жылдан жылға артып келеді. Оған жауап ретінде Kcell желіні ауқымды түрде жаңғыртып, кеңейтуде.
Компаниясының дерегінше, соңғы төрт жылда бір абоненттің орташа интернет тұтынуы үш есе артып, айына 31 гигабайтқа жетті. Бұл трафиктің 40% 5G желісіне тиесілі. Нәтижесінде компания Ookla Speedtest рейтингінде қатарынан екі рет Қазақстандағы ең жылдам мобильді оператор деп танылды.
Асқар Жамбакин, KCELL компаниясының Басқарма төрағасы:
- Соңғы екі жылда желіні дамытуға және желілік инфрақұрылымға 468 миллиард теңге инвестиция салынды. Нәтижесінде 1342 5G және 2771 4G базалық станциясын іске қостық.
2026 жылы 566 ауыл 4G желісіне қосылды. Қалған 45 ауыл жыл соңына дейін қосылады. Байланыс сапасы тек елді мекендерде ғана емес, маңызды автожолдар бойында да жақсарып келеді. Бүгінде 4G желісі Астана – Көкшетау және Астана - Қарағанды бағыттарында қолжетімді. Жыл соңына дейін тағы екі бағытта жаңа базалық станциялар іске қосылып, қамту аймағы кеңейеді.
Асқар Жамбакин, Kcell компаниясының басқарма төрағасы:
- 2027 жылы тағы 1 060 4G және 628 5G стансасын салуды жоспарлап отырмыз. Бұл мақсатқа 45 миллиард теңге бағытталады.
Осылайша байланыс инфрақұрылымын дамыту және желінің қамту аясын кеңейту цифрлық қызметтерді тұтыну мүмкіндігін арттырып отыр.
Авторлары Дариға Ташенова, Ернар Нысанбай
Тегтер #Kcell #базалық станция #24KZ #байланысPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz