RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда өнеркәсіп өндірісі 58,5 трлн теңгеге жетті

27.11.2026, 14:37 33

2026 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 58,5 трлн теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өндіріс индексі 3,5%-ға өсті, деп хабарлайды «24KZ».

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өнеркәсіп өндірісінің ең жоғары көлемі Атырау облысында тіркелді. Өңірде 14,3 трлн теңгенің өнімі өндірілген. Қарағанды облысында бұл көрсеткіш 4,7 трлн теңге, Павлодар облысында 3,7 трлн теңге болды. Сондай-ақ Астана қаласында 3,4 трлн, Маңғыстау облысында 3,3 трлн теңгенің өнімі өндірілді.

Ал өндіріс өсімінің ең жоғары қарқыны Жетісу облысында байқалды. Мұнда көрсеткіш 29,9%-ға артқан. Түркістан облысында өсім 23,8%, Алматы қаласында 21,5%, Алматы облысында 19,4%, Жамбыл облысында 17,8% болды. Жалпы, өнеркәсіп өндірісінің оң динамикасы 20 өңірдің 16-сында тіркелді.

Саладағы негізгі үлес өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Есепті кезеңде бұл бағыттағы өндіріс индексі 109,3%-ды құрады. Әсіресе жеңіл өнеркәсіпте өндіріс көлемі 59,5%-ға, фармацевтика саласында 50,9%-ға өсті. Машина жасау саласындағы өсім 22,2%, химия өнеркәсібінде 21,9%, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде 18,1% болды.

Сонымен қатар автомобильдер, тіркемелер мен жартылай тіркемелер өндірісінің индексі 130,5%-ды құрады. Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндірісі де 83,6%-ға артты.
Ал тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс индексі 96,6% болды. Электрмен жабдықтау, газ және бу беру саласында 111,3%, сумен жабдықтау, су бұру және қалдықтарды басқару бағытында 108,9% деңгейінде қалыптасты.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz