Күн райының нашарлауына байланысты бірнеше аймақта жолдар жабылды, деп хабарлайды 24KZ.
Қазіргі уақытта Ақмола, Абай және Жетісу облыстарындағы республикалық маңызы бар автожолдардың 11 учаскесінде барлық көлік қозғалысына тыйым салынды. Сондай-ақ облыстық маңызы бар жолдардың 2 учаскесінде көлікпен жүруге болмайды. «Қазгидромет» 2-4 қаңтар аралығында еліміздің бірқатар өңірінде боран болатынын ескертеді.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz