24 шақырымдық жүгіріс. Елордалық әскери бөлімнің жауынгерлері осындай атаумен арнайы челлендж өткізді.
Шараға барлығы 500-ге жуық әскери қатысты. Олардың бәрі – арнайы мақсаттағы бригада жауынгерлері. Әскерилер бүгінгі шараны Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев және Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына орайластырып өткізді. Қатысушылар шамамен 2 сағатта белгіленген 24 шақырымды бағындырды.
Айта кетейік, мұндай жүгіру челленджін жетолқсан айында Ақтау гарнизонындағы теңіз жаяу әскері бастаған болатын.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz