RU
Толық нұсқаға өту

Медициналық сақтандыру қоры депутат сауалына жауап берді

13.01.2024, 21:10 577

Медициналық сақтандыру қоры алғашқы медициналық-санитарлық көмекке қатысты депутат сауалына жауап берді.

Қордың мәліметі бойынша ел тұрғындары алғашқы медициналық-санитарлық көмекпен толық қамтылған. Былтыр мамандар 130 миллиондай қоңырау қабылдаған. 1 миллионнан астам адамға қымбат диагностикалық қызмет көрсетілді. Бүгінде 5 мыңнан астам нысан алғашқы медициналық көмек көрсетеді. 13 мыңнан астам учаске құрылып, онда 11 мыңнан астам дәрігер жұмыс істейді.

Естеріңізге сала кетейін, бұған дейін Сенатор 3 миллион қазақстандықтың тиісті медициналық көмекке қол жеткізе алмай отырғанын айтқан болатын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz