RU
Толық нұсқаға өту

Алматы әуежайының жаңа терминалы биыл іске қосылады

18.01.2024, 11:05 417

Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалы маусым айында іске қосылатын болды, деп хабарлайды 24KZ.

Бүгінде құрылыс жұмыстарының 87%-і аяқталған. Жоспар бойынша инфрақұрылым жыл сайынғы жолаушылар тасымалын 14 млн-ға, ал жүк тасымалын 100 мың тоннаға жеткізуге септеспек. Бұл жайында Үкімет басшысымен кездескен мердігер компания президенті Серкан Каптан айтты. Әлихан Смайылов еліміздің көлік-логистика әлеуетін арттыруға үлкен көңіл бөлінгенін атап өтті. «Жаңа терминал саладағы қызмет сапасын арттырып,  жайлылықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етуге тиіс», - дейді ол.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz