RU
Толық нұсқаға өту

Жетісуда ауру малдың өлекселері көмілген 33 орын қараусыз қалған

29.01.2024, 21:38 740

Жетісу облысында ауру малдың өлекселері көмілген 33 орын қараусыз қалған.

Қарасан індетінің ошақтары оқшауланбаған. Ветеринария саласындағы өрескел заң бұзушылықты аймақ прокурорлары анықтады. Тексеріс нәтижесінде төрт түлікке салынуы тиіс 16 мың вакцинаның егілмегені белгілі болды. Сонымен қатар мал дәрігерлерінің төртеуі жалған дипломмен жұмыс істеп келгені әшкереленді.

Бекзат Ерұзақов, облыстық мамандандырылған табиғатты қорғау прокурорының орынбасары:

- Қағадағалау актісінің нәтижесімен 3,4 млн теңге бюджетке қайтарылды. 129 лауазымды тұлға әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар 34 қараусыз қалған сібір жарасының көмінділері заң талаптарына сәйкестендірілді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz