RU
Толық нұсқаға өту

Елде контрафактілік цехтар көбейген

30.01.2024, 17:09 494

Қазақстандағы зергерлік бұйымдардың көлеңкелі нарығы 99 пайызға жетті.

Себебі елде контрафактілік цехтар көбейген. Олар өнімдерге жалған штамп басып, бұйымдарын Түркия, Италия және Ресей елдерінде жасалған - деп жұртты алдап жүр. Алайда, енді қара нарықта қызмет көрсетіп отырған зергерлердің жолы кесіледі. Ол үшін 1 шілдеден бастап жаңа шектеу еңгізу жоспарлануда. Онда кәсіп иелеріне зергерлік бұйымдарын цифрлы таңбалау міндеттеледі. Бұл жайлы Зергерлер лигасы заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қауымдастығының президенті Қайсар Жұмағалиев мәлімдеді. Айтуынша, бұл өзгеріс заңсыз айналымды тоқтатады. Сондай-ақ, тұтынушыларға да түпнұсқа тауар сатып алуға мүмкіндік береді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz