Шығыс Қазақстан облысында қос азаматтық алған 60 шетелдік ұсталды.
Басым көпшілігінде жарамды қазақстандық және ресейлік төлқұжат болған. Олар Ресей аумағына еркін еніп жүрген, ал Өскеменге ата-аналарына келгенде қазақстандық құжатты пайдаланған. Азаматтығын ауыстыру кезінде миграция қызметін хабардар етпеген. Енді көші-қон ережесін бұзғандар сотқа тартылып, 700 мың теңге әкімшілік айыппұл төлейді.
Асылан Ұлтанбаев, ШҚО ПД аға инспекторы:
- 2023 жылы азаматтығын жою туралы 587 дерек тіркелді. 59 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 9 адам елден шығарылды.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz