RU
Толық нұсқаға өту

Алматы облысында суару желілері жаңғыртылады

01.02.2024, 09:00 498

Алматы облысында айналымнан шығып қалған 54 мың гектар суармалы алқап қайта қалпына келтіріледі.

Ол үшін биыл 9 аудандағы суару желілері жаңғыртылады. Бұл мақсатқа бюджеттен шамамен 125 миллиард теңге бөлу көзделген. Мәселе Су ресурстары және ирригация министрі мен Ауыл шаруашылығы министрі қатысқан жиында талқыланды. Басқосуда шаруа қожалықтарын қосымша ынталандыру үшін су үнемдеу технологияларының жабдықтарын сатып алуға 2,5 пайыздық несие беру жайы да қаралды.

Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі:

- Міндетті түрде осы жерде біздің өзіміздің Қазақстанда сол жүйелерді шығаратын кәсіпорындарды шақырдық. Мысалы, Түркістан облысында жаңа өздеріңіз естідіңіздер, 50 мың гектарға жылына жаңбырлатып құрал-жабдықтарды шығару зауыты ашылды, сол жұмыс істеп жатыр. Сондықтан біздің мақсат мынау қысқа мерзім ішінде су үнемдеу технологияларының үлесін ауыл шаруашылығында 40-50 пайызға жеткізуіміз керек.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz