RU
Толық нұсқаға өту

ШҚО-да қар көшкіні болуы мүмкін

02.02.2024, 18:38 516

Шығыс Қазақстан облысында көшкін болуы ықтимал 100-ден астам қауіпті аймақ анықталды.

Қазір мамандар тау басындағы қардың қалыңдығын өлшеуге кірісті. «Қазселденқорғау» мекемесінің бақылаушылары Риддер маңындағы Иванов жотасына көтерілді. Үлкен мұздарды жарып, қардың құрамын зерттеді. Ылғалдың деңгейін тексеріп, еру мерзімін белгіледі. Өткен айда өңірде қар көп жауды. Синоптиктер ақпан айында да ақ ұлпа қалың түседі деп болжап отыр.

Алексей Кочетков, «Қазселденқорғау» ММ Риддер бөлімінің жетекшісі:

- 34 қар бөгегіш біздің құзырымызға қарайды. Қар көшкіні қаупі бар 6 учаскеде тұр. Учаскелер жергілікті маңызы бар жолдар мен шаңғы курорттарына таяу орналасқан.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz