Лай көшкіні салдарынан қаза тапқандардың туыстарына көмек көрсетіледі, деп хабарлайды 24KZ.
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев жерлеуді ұйымдастыруға көмек берілетінін айтты. Бүгін лай көшкіні салдарынан қираған үй астынан 4 адамның денесі табылды. «Құтқару қызметі іздеу жұмыстарын аяқтады. Қайтыс болған адамдардың жақындарына қайғырып, көңіл айтамын», - деді қала басшысы. Оған қоса осы отбасының үлкен ұлына материалдық қолдау көрсетіледі. Ол қазір шетелде білім алып жатыр. Келген соң осында тұруына жағдай жасалады.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz