RU
Толық нұсқаға өту

Әлеуметтік қызметтер порталы 60 мыңға жуық мүгедек жанға қызмет көрсетті

09.02.2024, 11:00 528

Жыл басынан бері Әлеуметтік қызметтер порталы шамамен 60 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азаматқа қызмет көрсетті.

Атап айтсақ, олардың 40 мыңнан астамы оңалтудың техникалық құралын, 3 мың 400-і – ымдау тілі қызметін, 10 мыңы жеке көмекші алды. Сондай-ақ мүгедектігі бар 724 адамға курорттық емдеуге жолдама берілді. Порталда 877 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін орталық  бар. 584 оңалтудың техникалық құралын жеткізуші, 28 мыңнан астам жеке көмекші, 725 ымдау тілі мен 109 курорттық емдеу қызметі тіркелген.

Графика

Оңалтудың техникалық құралдары – 43,4 мың

Ымдау тілі қызметі – 3,4 мың

Жеке көмекшінің қызметі – 11,1 мың

Санаторлық-курорттық емдеу қызметі – 724

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz