RU
Толық нұсқаға өту

Соғыстан оралған батырлардың құнды естелігі

10.02.2024, 10:51 717

Биыл Ауған жерінен кеңес әскерлерінің шығарылғанына 35 жыл.

Осыған орай елорда жастары Бақытжан Ертаевпен кездесті. Оның айтуынша, соғыста болған 22 мыңнан астам қазақ жауынгері үшін бұл ұмытыла қоймайтын тарихи оқиға. 10 жылға созылған соғыстан қаншама батырлар оралмады. Тіпті хабарсыз кеткендері де бар. Ал қаза болғандар саны 9 мыңнан асады.

Бақытжан Ертаев, «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы :

- Бақытжан аға, сіздің қолыңызда қайтыс болған сарбаздың анасы отыр деді. Қалай мен ол кісіге барамын. Мен тірі отырмын. Оның баласы қайтыс болып кетті. Не айтамын мен ол кісіге? Келдім де, тізерлеп, қолын сүйдім. –Ана,-дедім. Сіздің жүрегіңізге жазылған жараны мен жаза алмаймын дедім. Сен жазғансың, сіздің ұлыңыз менің көз алдымда қайтыс болды. Көзіммен жұмдым. Балаңыздай көріңіз мені дедім.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz