Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл ауданында боранда жолда тұрып қалғандар құтқарылды, деп хабарлайды 24KZ.
Құтқарушылар арнайы техниканың көмегімен 11 адамды ауылға жеткізді. Оның жетеуі – бала. Ал жолға жауапты мекеменің жұмысшылары жолдарды қардан тазалап жатыр. Төтенше жағдай департаменті ауа райының бұзылуына байланысты жолға шыққанда абай болу керектігін тағы да ескертеді.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz