Елде 41 қаржы пирамидасы жойылып, зардап шеккендерге 4,6 млрд теңге қайтарылды.
Бұл жөнінде Президент қабылдауында болған Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Дмитрий Малахов мәлімдеді. Оның айтуынша, былтыр криптовалюта айырбастайтын 1 жарым мыңнан аса онлайн-сервис бұғатталған. 49 заңсыз майнер әшкереленді. Террористік және экстремистік ұйымдардың шотына қаржы аударуға қатысты 1200 әрекеттің жолы кесілді. Сондай-ақ капиталды заңсыз шығаруға қарсы іс-қимыл саласында жалпы сомасы 276 миллиард теңгенің активтерң қайтарылған. Кездесуде соңында Қасым-Жомарт Тоқаев адал бизнесті қорғау шараларын күшейту қажет екенін ерекше атап өтіп, Агенттік қызметінің негізгі бағыттары бойынша жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz