RU
Толық нұсқаға өту

Абай облысында 20 млн теңгенің есірткісі тәркіленді

29.02.2024, 13:10 750

Абай облысында есірткі сататындар 20 миллион теңге табысынан қағылды, деп хабарлайды 24KZ.

Семейлік полицейлер синтетикалық есірткінің ірі партиясын тәркіледі. Екі күдіктінің тұрғынжайын тінту кезінде жарты келіден астам «мефедрон» табылды. Сондай-ақ ұсталғандардың қылмыстық бизнеске қатысы барын растайтын ұялы телефондар тәркіленді. Олар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – дейді мамандар.

Нариман Күлдіков, Облыстық ПД бастығының орынбасары:

- 1500-ден астам бірреттік есірткі дозасы тәркіленді. Олардың «қара» нарықтағы құны 20 млн теңгеге бағаланып отыр. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, олар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz