RU
Толық нұсқаға өту

Елде 12 мың әйел полицей бар

06.03.2024, 07:48 612

Елдегі тәртіп сақшыларының 16 пайызы – қыз-келіншектер.

Полиция сапында 12 мыңға жуық әйел бар. Оның 607-сі басшылық қызметте жүр. Қоғамдағы тыныштықты қамтамасыз етіп, қауіпсіздік үшін тер төгіп жүрген әйелдердің мыңнан астамы – тергеуші, 140-тан астамы жедел әрекет ету бөлімінде, тағы 250-і әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғайды. Біріккен Ұлттар Ұйымы да әйел полицейлердің санын арттыруға мүдделі. Қазақстанда бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыс көп.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz