RU
Толық нұсқаға өту

Абай облысында үйлерді су басу қаупі жоқ

10.03.2024, 15:10 427

Абай облысының Бақты ауылында үйлерді су басу қаупі жоқ.

Бұл туралы Төтенше жағдай министрлігі хабарлады. Тарбағатай тау жотасында қардың күрт еруіне байланысты профилактикалық шаралар жүргізіліп жатыр. Тасқынның алдын алу мақсатында 300-ден астам қаптар төселіп, бөгеттерге 400 тоннаға жуық инертті материал төгілді. Қауіп төнген жағдайда жедел әрекетке көшу үшін 12 құтқарушы бригада тартылды. 25 бірлік техника әзір тұр. Қазіргі уақытта жағдай қатаң бақылауда.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz