RU
Толық нұсқаға өту

Түркістан облысындағы жұмыспен қамту саласында қаржы жымқырылды

12.03.2024, 13:06 465

Түркістан облысында әкімдік пен жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері бюджеттің 24 млн теңгесін қолды қылған.

Облыстық прокуратура қаржыны жымқыру схемасын анықтады. Атап айтқанда, 30-дан астам адамды қағаз жүзінде қоғамдық, оның ішінде жастар практикасы бойынша жұмысқа орналастырған. Ал жұмысқа тартылғандардың өздері бұдан хабарсыз болған. Лауазымды тұлғалар жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтарды заңсыз шығарып, ай сайынғы жалақыларын «Қазпошта» мен банктердегі шоттарына аударып, кейіннен басқа тұлғалардың көмегімен қолма-қол ақшаға айналдырған.

Хурсанбек Юнусов, Түркістан облысы прокурорының аға көмекшісі:

- Сонымен бірге, орталық және әкімдік қызметкерлері осы қоғамдық жұмыстарға өздерінің туыстары мен таныстарын тартып отырған. Сәйкесінше оларға да қаржы аударылған. Қазіргі таңда бұл деректер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz