RU
Толық нұсқаға өту

Алматы облысында электр қуаты берілді

15.03.2024, 15:03 387

Алматы облысында кеше кешкісін ауа райының күрт бұзылуы салдарынан Еңбекшіқазақ, Талғар, Іле, Жамбыл, Қарасай, Ұйғыр аудандарындағы 60-тан астам елді мекен жарықсыз қалған еді.

Жергілікті тұрғындарды электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында өңірде түні бойы 123 бірлік техника мен 500-ге жуық маманның атсалысуымен төтенше жағдайды жою жұмыстары жүргізілді. «Жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік желі арқылы тұрғындарға түсініктеме беріп отырды. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты. Жарықсыз қалған ауылдар электр қуаты желісіне түгел қосылды», - дейді тиісті сала мамандары.

Бауыржан Османұлы, облыстық энергетика және ТКШ басқармасының бөлім басшысы:

- Қолайсыз ауа райының салдарынан 2024 жылдың 14 наурызында 9 ауданда уақытша электр қуаты үзілді. 15 наурызда ауа райы ашылғанда барлық төтенше жағдайлар жойылды. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz