RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстандағы Ресей елшілігіне гүл шоқтары қойылды

23.03.2024, 12:30 633

Ресейдің Қазақстандағы елшілігінде "Крокус Сити Холда" террорлық шабуылдан қаза тапқандарды аза тұту белгісі ретінде мемлекеттік ту түсірілді.

Мәскеудегі қайғылы жағдайға бей-жай қарай алмаған қазақстандықтар да елордадағы Ресей елшілігіне келіп жатыр. Таңнан бері кісі қарасы толастаған жоқ. Олар елшілік қоршауына гүл шоқтарын қойып, құрбан болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

Владимир Зырянов, қала тұрғыны:

- Жантүршігерлік жағдай туралы кеше естідім. Ресей халқына қайғыра көңіл айтамыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz