RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда төтенше жағдайларға дайындық тексерілді

24.03.2024, 19:15 434

Төтенше жағдайлар министрі ведомствоның Алматы қаласындағы аумақтық бөлімшелерінің төтенше жағдайларға дайындығын тексерді.

Атап айтқанда, «Ақсай» өзенінің бассейнінде селден  қорғау құрылысының жұмысын саралады. Республикалық жедел құтқару жасағының орталық базасында болып, «тікұшақ айлағы» полигонының аумағында төтенше жағдайларды жою жөніндегі қалалық штабтың жұмысымен танысты. Шыңғыс Әрінов, жедел қызмет мамандары мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы жұмыстың басым бағыттарына назар аударуды тапсырды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz