RU
Толық нұсқаға өту

Әскери ұшқыштар тасқыннан зардап шеккендерге көмектесіп жатыр

31.03.2024, 09:04 541

Әскери ұшқыштар су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға 10 тоннадан аса гуманитарлық көмек жеткізді.

Еліміздің Әуе қорғанысы күштері тікұшақтарының экипаждары жергілікті халықты құтқаруға, азық-түлік, жылы киімдер мен аса қажетті заттарды жеткізуді жалғастырып жатыр. Сондай-ақ, Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Ақтөбе облысындағы Қаратал ауылының жергілікті тұрғындарын эвакуациялады. Қайықпен 111 адам, оның ішінде 36 бала қауіпсіз жерге көшірілді. Зардап шеккендерді тікұшақпен Ақтөбе қаласына жеткізді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz