11 өңірде өңірлік психологиялық қолдау орталықтары жұмыс істеп тұр.
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Бұл орталықтар қиындыққа тап болған балаларға кәсіби көмек көрсетеді. Сондай-ақ олардың ата-аналарына қолдау мен кеңес береді. Онда әрбір бала, ата-ана, педагог қажет болған жағдайда көмек сұрай алады. Жыл соңына дейін қалған облыстарда да осындай орталықтар ашылмақ. Президент тапсырмасына сәйкес министрлік педагог-психологтардың жұмысын жандандыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz