RU
Толық нұсқаға өту

Елде су тасқыны кезінде дәрігерлер 24 әйелді босандырды

02.04.2024, 14:10 390

Елде су тасқыны кезінде дәрігерлер 24 әйелді босандырған. Қазір бұл аналардың да, балалардың да жағдайы тұрақты.

Осыған байланысты Үкімет басшысы Олжас Бектенов жұмысына адал медицина қызметкерлерінің қажырлы еңбегін атап өтті. Оның ішінде Ақтөбе облысы Нұра кентінің тұрғынын босандырған ауылдық амбулатория дәрігерлеріне алғысын білдірді. Оқиға аудандық ауруханадан 90 шақырым жерде, су басқан елді мекенде болған. Дәрігерлердің бірлескен әрекеті нәтижесінде салмағы 2 келі 800 грамм және 3 келі 50 грамм болатын егіз қыз аман-есен дүниеге келді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz