Абай облысының Көкпекті ауданында тасқын қаупі әлі сейілмей тұр, деп хабарлайды 24KZ.
Қазір құтқарушылар Шұғылбай ауылында жұмыс істеп жатыр. Қарғын судың бетін қайтаруға 60-қа жуық адам, 7 техника, 10 мотопомпа жұмылдырылған. Бұл елді мекенге еріген қар суы даладан келіп жатыр. Бірнеше күн бұрын осы аудандағы Тассай ауылына баратын көпірді су шайған. Қазір елді мекенге азық-түлік қайықпен жеткізіліп жатыр.
Ділдәбек Оразбаев, Көкпекті ауданының әкімі:
- Біз қазір қайық ұйымдастырып қойғанбыз. Қайықпен өтіп жатыр. Күнделікті керек дүниесінің бәрін біз 2-3 күннің ішінде қайық арқылы өткізіп бара жатырмыз. Қазір өзім Тассай ауылына бара жатырмын. Тассай ауылында жағдай қалыпты. Халық өз жұмысын істеп жатыр. Мектепте балалар сабағын оқып жатыр.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz