RU
Толық нұсқаға өту

Түркістандықтар батыс өңірлеріне гуманитарлық көмек жіберді

05.04.2024, 21:22 524

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының тұрғындары да батыс өңірге 80 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті.

Аудан тұрғындары мен кәсіпкерлері, мәслихат депутаттары мен қоғам белсенділері, еріктілер екі күнде үлкен екі жүк көлікті қажетті заттарға лық толтырды. Көмек қолын созуда 2020 жылы тасқын судан зардап шеккен Өргебас, Жеңіс, Фирдауси ауылдары белсенділік танытты.

Марат Телаев, волонтёр:

- Кезінде бізді де су басты, сол кезде еліміздің батысынан қандай көмектер келді. Ризамыз. Сол бүкіл Мақтаарал ауданы, Жеңіс ауылының атынан аманатты арқалап, Ақтөбе облысына аттанып бара жатырмыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz