RU
Толық нұсқаға өту

Атырауға гуманитарлық көмек жөнелтілді

06.04.2024, 21:39 608

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері де су тасқынынан зардап шеккен Атырау облысына гуманитарлық көмек жөнелтті.

Ассамблея мүшелері екі күннің ішінде қаланың екі бұрышынан арнайы бекет ашып, этнос белсенділері жинаған 20 тоннаға жуық көмекті жүк көлігіне артты. Айта кетейік, қазір жергілікті этнос өкілдері су тасқынынан зардап шеккендерге көмек беру мақсатында ашылған банктік есеп-шотқа қаржы аудару жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Тахирбек Нышанбаев, Шымкент қаласы өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы:

- Шымкент қаласы Ассамблея мүшелері, этномәдени бірлестіктері "Жүректен-жүрекке" акциясы аясында қолдан келгенше көмек беріп жатырмыз. Елімізге сабырлық берсін. Еліміз тыныш болсын. Құдай қаласа, мұндай жағдайлар болмасын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz