Ал Қостанай облысы Қарамырза елді мекенінің тұрғындары әскерилерге алғыс білдірді.
Жиынтық құтқару тобының қызметкерлері бірнеше күн бойы су тасқынына қарсы іс-шараларға белсенді қатысып жатыр. Жергілікті тұрғындар сарбаздарға ризашылығын жеткізіп, авариялық-құтқару жұмыстарының тезірек аяқталуын тіледі.
Ағын судан 4 жұмысшы құтқарылды
Ақмола облысында шаруа қожалығының 4 жұмысшысы эвакуацияланды. Есіл өзенінде су деңгейі көтерілгендіктен қожалық қызметкерлері өздігінен шыға алмай қалған. Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары оларды қауіпсіз жерге көшірді. Құтқарылғандар медициналық көмекті қажет етпеді делінген хабарламада. Сондай-ақ, 3 жылқы мен 3 ит құтқарылды.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz