RU
Толық нұсқаға өту

Ақтөбеде саяжай тұрғындары эвакуацияланды

07.04.2024, 12:15 382

Ақтөбеде бүгін таң ата 6 саяжай ұжымының тұрғындары эвакуацияланды, деп хабарлайды 24KZ.

Қауіпсіз жерге 127 адам көшірілген. Өзен бойындағы бау-бақшаларға Қарғалы су қоймасынан ағып жеткен судан қауіп төніп отыр. Ернеуінен асуға таяған жасанды көлден секундына 350 текше метр су жіберіліп жатыр. Қарғалы өзенінің бойында 48 саяжай ұжымы бар. 300-ден астам үйде 854 адам тұрады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz