RU
Толық нұсқаға өту

Зардап шеккендердің өтініштері қарала бастады

09.04.2024, 10:09 716

Батыс Қазақстан облысында су басқан Подстепное ауылында тасқын су сорылып, көшелер мен аулалар қоқыс пен лайдан тазартылды.

Уақытша көшірілген тұрғындардың кейбірі үйіне орала бастады. Ал кейбірінің баспанасы жарамсыз. Ауылда қанша үйге зақым келген?

Подстепное ауылы Орал қаласынан таяқтастам жерде орналасқан. Мұнда он мыңға жуық адам тұрады. Өткен айдың соңында ауылдың 20-ға жуық көшесін тасқын су басты. Салдарынан осы және көрші ауылдың тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілген еді. Қазір жағдай тұрақтала бастады.

Ал зардап шеккен тұрғындардан 400-ден астам өтініш түскен екен. Дәл қазір менің жанымда ауыл әкімі Мейірбек Сұлтанов тұр.

- Мейірбек мырза, келіп түскен өтініштер қаралды ма?

- Тасқыннан тағы қауіп бар ма? Эвапункттер дайын ба?

Мейірбек Сұлтанов, Подстепное ауылының әкімі

- Рахмет!

Ал Теректі ауданы бойынша 548 өтініш түскен. Бүгіннен бастап техникалық тексеріс жүргізіледі. Сол мамандар шығын көлемін есептейді.

Еркебұлан Смадияров, 24.KZ, БҚО

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz