RU
Толық нұсқаға өту

Дін өкілдері тасқыннан зардап шеккендерге қол ұшын созып жатыр

09.04.2024, 21:18 440

Дін өкілдері де тасқыннан зардап шеккен ел-жұртқа қол ұшын созып жатыр. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы су алған Қостанай өңіріне барды. Орталық мешітте өткен қайырымдылық іс-шарасында 300 отбасыға азық-түлік себеті таратылды. Бас мүфти қиын кезде бірін-бірі демеп, сабырлы болуға шақырды. Сондай-ақ ол «Зекет және қайырымдылық» қорының еріктілерімен кездесті. Бүгінде басқарма бастамасымен арнайы штаб ашылды. Ол жерге 100 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинақталып, өңірлерге жолданды. Мүфтият еріктілері күнделікті 2 мыңнан астам адамды ыстық тамақпен қамтуға атсалысып жүр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz