RU
Толық нұсқаға өту

Димаш Құлсары тұрғындарымен жүздесті

11.04.2024, 21:24 389

Димаш Құдайберген Құлсары тұрғындарына қолдау білдірді.

Танымал әнші су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесіп, көпшілікті ертеңге үмітпен қарауға шақырды. Әншінің қиындыққа тап болған жұрттың ортасына келіп, жанашырлық танытып жатқанына құлсарылықтар риза болып, алғысын айтты. Табиғи апатпен тынбай күресіп жатқан сарбаздар және еріктілермен де жүздесіп, жұмыс барысымен танысты. Одан бөлек, бесінші ауданның ақ жаулықты аналары әзірлеген айттық дастарханнан дәм татты.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz