RU
Толық нұсқаға өту

Қарағандыдан 40 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді

12.04.2024, 19:00 723

Қостанай облысының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына Қарағандыдан 40 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді, деп хабарлайды 24KZ.

Атап айтқанда, азық-түлік пен тұрмыстық заттар, су құралдары, шамдар және құралмалы шатырлар да жүкке тиелді. «Жүректен жүрекке» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылған қайырымдылық шараға ассамблея мүшелері, этномәдени бірлестіктер, кәсіпкерлер, еріктілер мен блогерлер қатысты.

Думан Малаев, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі:

- Тасқыннан зардап шеккен халықпен бір деп айтқымыз келеді. Достық үйінде штаб құрғанбыз. Осында қаланың, ауданның тұрғындары заттарды әкеліп жатыр. Ассамблея жастары, барлық ЖОО волонтерлары осында қызмет етіп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz