RU
Толық нұсқаға өту

Қ. Шарлапаев тұрғын үй құрылысын жеке бақылауына алды

14.04.2024, 17:40 460

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Ақтөбе облысындағы су басқан аудандардың жай-күйімен танысты, деп хабарлайды 24KZ.

Қобда ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенін және былтыр апаттан зардап шеккендерге арнап салынған 24 тұрғын үйді аралады. Сондай-ақ баспаналарын су басқан тұрғындарға жаңа тұрғын үй салу үшін әкімдік тарапынан бөлінген жер телімдерінің жағдайын тексерді. Әкімдіктің мәліметінше, облыста 436 дайын жер телімі бар. Олар Ойыл, Қобда, Әйтеке би, Темір аудандарында және Ақтөбе қаласында орналасқан. Министр жүргізіліп жатқан жұмыстардың тиімділігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін бұл мәселені жеке бақылауда ұстайтынын жеткізді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz