Енді құқық бұзғандарды қоғамдық жұмысқа тарту құзыреті әкімдіктерге берілуі мүмкін.
Бұл мәселе бүгін Мәжілістің жалпы отырысында қаралды. Жаңа заң жобасында тәртіп бұзғандардың жазасын өтеуін бақылауды атқарушы билікке тапсыру көзделген. Сондай-ақ қоғамдық жұмыстардың қай түрлері және қандай мекемелерде еңбек ететіні де айқындалмақ. Ал егер кінәлі міндеттелген жұмыстан жалтарса, әкімдіктер бірден Ішкі істер органдарына хабарлама жіберуге құқылы.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz