RU
Толық нұсқаға өту

Браконьерлерден 3,5 тонна балық тәркіленді

19.04.2024, 13:30 623

Жайық-Каспий бассейнінде браконьерлерден 3,5 тонна балық тәркіленді, деп хабарлайды 24KZ.

Оның 800 келісі бағалы бекіре тұқымдастарына жатады. Табиғат қорғау заңдылығын бұзған 160 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Еске сала кетейік, 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында еліміздің батыс өңірінде «Бекіре-2024» акциясы жүріп жатыр. Оған Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарындағы құқық қорғау органдары жұмылдырылған.

Рүстем Қорқытов, Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының баспасөз хатшысы:

- Браконьерлік және тұқымы жойылып бара жатқан балық түріне қатысты заңсыз әрекет жасаған тұлғаларға қатысты 19 қылмыстық іс қозғалды. Құқық бұзушыларға 5,9 млн теңге айыппұл салынды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz