RU
Толық нұсқаға өту

Бишімбаевтың ісі бойынша судьяға қорқыту хабарламалары түскен

19.04.2024, 15:10 590

Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша судья Айжан Құлбаеваға қатысты қорқыту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Бұл туралы Жоғарғы Сот хабарлады. Анықталғандай, судьяның ұялы телефонына белгісіз нөмірден қоңыраулар мен қорқыту хабарламалары түскен. Қылмыстық кодекстің 407-бабының 1-бөлігі, яғни сот төрелiгiн жүзеге асыруға кедергi жасау мақсатында соттың қызметiне араласу бойынша іс жүргізу басталды. Судья жеке қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz