RU
Толық нұсқаға өту

Сергеев қоймасында су деңгейі түсті

22.04.2024, 11:20 573

Солтүстік Қазақстан облысындағы екінші рет тасыған Сергеев қоймасында су деңгейі түсе бастады, деп хабарлайды 24KZ.

Бүгін таңертең 360 санитметр болды. Синоптиктердің болжамынша, қазір Есілдің суы Петропавлға жақындап қалды. Соңғы мәліметке қарағанда, өзеннің қала маңындағы деңгейі 13 метрге жуықтайды. Облыс орталығында бір мыңдай үй әлі су астында тұр. Тасқыннан зардап шеккен тұрғындар 12 эвакуациялық пунктке орналасты. Оларға мемлекеттен 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде бірреттік төлем беріліп жатыр.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz