RU
Толық нұсқаға өту

Сотта Бишімбаевтың телефонындағы видео зерттелді

22.04.2024, 19:30 895

Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында оның ұялы телефоны зерттеліп жатыр.

Айыпталушы бұған дейін құпиясөзді беруден бас тартқан еді. Кейін келісімін берді. Судъя телефондағы бірқатар бейнежазбаны қосып қарады. Онда айыпталушының дауысына ұқсас ер адамның марқұмға бейәдеп сөздер айтып жатқаны байқалады. Алайда Бишімбаев мұны мойындамай, монтаж екенін алға тартты. Сот отырысы әлі де жалғасуда. Айта кетейік, осыған дейін судъя Құлбаеваның қауіпсіздігі бақылауға алынған болатын. Өйткені әлдекімдер оған қоңырау шалып және хабарлама жіберіп қорқытқан. Полиция департаменті бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz