RU
Толық нұсқаға өту

Кеншілер қаласында мың түп ағаш егілді

23.04.2024, 15:12 544

Қарағандыда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 1000 түп ағаш егілді.

Қаланың орталық саябағында 100-ге жуық  құс ұясы мен жемсауыт ілінді. Оларды оқушылар технология сабағында өздері жасаған. Бұл жасыл желек санитары саналатын құстардың көптеп мекендеуіне жағдай жасайды. Бүгін шаһардағы Әлихан Бөкейхан ауданындағы саябақ та 100-ден астам қарағай көшеттері егілді. Жалпы кеншілер қаласы бойынша 3 мың ағаш егу жоспарланған. Өңірдің барлық қаласы мен аудандарында осындай жұмыстар қолға алынды. Экоакцияға еріктілер, ардагерлер мен тұрғындар атсалысты.

Аяжан Жақабаева, волонтер:

- Бүкіл волонтерлер қатысып жатыр бүгін. Қаланың таза болуы негізі өзімізге байланысты. Шашу оңай ғой енді. Бірақ тазалау қиын. Дегенмен оны істесек өзімізге жақсы.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz