RU
Толық нұсқаға өту

Семейде көп қабатты үйлердің сырты жаңартылады

24.04.2024, 14:00 616

Биыл Семейде көп қабатты үйлердің сырты жаңартылады.

Бұл тізімде орталық көшелердің бойында орналасқан 36 үй бар. Ғимараттардың қасбетін бояуға қалалық бюджеттен 280 миллион теңге бөлінеді. Жалпы қалада мұндай жұмыстар 3 жыл бұрын қолға алынған. Осы уақыт аралығында 56 ғимарат ашық түске боялды. Биыл бейтарап реңктерге басымдық берілмек. Ал үш үйге тақырыптық муралдар салынады.

Диана Шаяхметова, қалалық Тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы

- Үйлердің қасбеттерін жаңарту бойынша өтінімдер көп түсті. Бірақ комиссия тұрғын үй қатынастары туралы Заңға сәйкес шешім қабылдайды. Әр үйдің жобалық-сметалық құжаты әзірленіп, атқарылатын жұмыстар белгіленеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz