RU
Толық нұсқаға өту

Cу тасыған аймақтарда 50 мыңға жуық адам үйіне оралды

05.05.2024, 13:00 687

Су тасқыны кезінде қауіпсіз жерге көшірілген 50 мыңға жуық тұрғын үйлеріне оралды.

Қазір Атырау облысының Құлсары қаласында жүзден астам жеке тұрғын үй мен 10 кәсіптік нысанда су сору жұмыстары жалғасып жатыр. Жалпы ел бойынша авариялық-құтқару жұмыстарына 14409 адам жұмылдырылды. 1413 техника, 5 әуе кемесі, 311 су сору және 70-ке тарта жүзу құралдары тартылған. Бүгінге дейін 15 млн текше метрден артық су сорылды.

Асқар Шәріп ҚР ТЖМ ресми өкілі:

- СҚО-ның Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында су басқан аумақтарда су сору жұмыстары жалғасуда. Республика бойынша 8615 тұрғын үй мен 2994 аула аумағында судың бағыты бұрылып су сорылды. 7,7 млн қапшық және 1,5 млн астам тоннадан астам инертті материал төселді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz