RU
Толық нұсқаға өту

Отанға қызмет – абыройлы міндет

07.05.2024, 08:02 1338

Әскери қызметкер болу үшін не істеу керек?

Талдықорғанда «Сарбаз болғым келеді» акциясы өтіп, мектеп бітірушілер өздерін толғандырған сауалдарға жауап алды. Қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарма инспекторлары әр оқушымен жеке танысып, әскери институттар жайында мағлұмат берді. Әрі жастарды азаматтық борышын өтеуге шақырды. Ал ауған соғысының ардагерлі елге қызмет етудің маңыздылығын түсіндірді. «Отан» қорғаушы мерекесіндегі жүздесу «Қайсар» әскери патриоттық жобасы аясында ұйымдастырылды.

Есет Дәуренбаев, қалалық Қорғаныс істері жөніндегі басқарма инспекторы:
- Жасөспірімдерге әскери-патриоттық тәрбие беру. Сонымен қатар балаларды әскерге шақыру. Бізде мысалы Алматы қаласында құрылық әскери институты бар. Сонымен қатар радиотехника және байланыс инженерлік институты бар. Ақтөбе қаласында Талғат Бигелдинов атындағы авиация академиясы бар. Оқу тегін. Соның барлығына балаларды тарту.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz