RU
Толық нұсқаға өту

Ардагерлер саябағы абаттандырылды

07.05.2024, 08:33 850

Түркістан облысының Түлкібас ауданында 29 саябақ аумағы тазартылып көгалдандырылды.

«Ардагерлер» паркінің кіреберісіне жаңа қақпа орнатылды. Оны жергілікті қоғамдық бірлестік мүшелері өз қаражатына тұрғызды. Экологиялық науқан аясында аудан тұрғындары көпқабатты 67 үйдің ауласын ретке келтірді. Сонымен қатар 152 шақырымнан асатын өзен арналары қоқыстан тазартылып, 30 мыңға жуық жас көшеттер егілді.

Мұстафа Телғараев, Түлкібас аудандық ТҮКШ және автожолдар бөлімінің басшысы:

-14 мыңнан аса адам сенбілікке тартылды. 36 мекеме қатысып, 60 мыңға жуық ағаштар әктеліп, бұталды. 31 шақырым ирригация жүйелері тазартылды. Ауыл ардагерлері, учаскелік полиция бөлімімен құрылған мобильді топтар жұмыс істеуде. Нәтижесінде ескертулер жасалып, 180 азаматқа айыппұл салынды. Акция 1-2 аймен шектелмейді, ұдайы жалғасатын болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz