Елдегі табиғи апат кезінде қазақстандық құтқарушылар, әскерилер мен полицейлер халықты су тасқынынан қорғауда аянбай еңбек етті.
Төтенше жағдай министрлігінің жедел штабының мәліметі бойынша, тасқын басталғаннан бері ел бойынша апаттық-құтқару жұмыстарына жалпы саны 17,5 мыңнан аса Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Қорғаныс министрліктері бөлімшелерінің, Ұлттық ұлан, Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері жұмылдырылған. Су тасқынынан қорғау жұмыстарына 7 мыңға жуық техника, 1,1 мыңнан астам су айдау және 418 жүзу құралы, 38 әуе кемесі тартылды.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz