RU
Толық нұсқаға өту

Су басу қаупін жою үшін Атырау - Орал тас жолының 44 шақырымын жырды

18.05.2024, 21:09 1029

Атырау облысы Махамбет ауданына қарасты елді мекендерде су басу қаупін сейілту үшін республикалық Атырау – Орал тас жолының 44 шақырымы жырылды.

Қазір Оралға жол жүретін көліктер Хамит Ерғалиев ауылы арқылы Махамбет ауданына шығып, әрі қарай "Атырау – Орал" тас жолымен қатынай алады. Сондай-ақ Атырау - Индер облыстық маңыздағы жолмен жүріп, Ортақшыл ауылының тұсындағы көпір арқылы жүруге болады. Махамбет ауданы мен Атырау қаласының аралығында жүретін жүргізушілер Атырау - Индер тас жолымен Ортақшы ауылының тұсындағы Махамбет көпір арқылы өту мүмкіндігі бар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz