RU
Толық нұсқаға өту

Атырау-Орал тасжолында көлік қозғалысы шектелді

19.05.2024, 19:01 613

Атырау-Орал тасжолының 72-ші шақырымы жабылып, көлік қозғалысы шектелді.

Құтқарушылар тасқын су елді мекендерге қауіп төндірмеу үшін трассаны бұзып, суды ауылдардан алшақ аймаққа ағызған. Бүгін өңір басшысы Махамбет ауданындағы елді мекендерді аралап, бөгеттерді нығайту жұмыстарымен танысты. Қазір онда 105 шақырымға созылған бөгет тұрғызылған. Ал атаулы бағытта жолға шыққан жеңіл көлік жүргізушілері «Атырау-Индер» тасжолымен айналып өте алады. Ауыр техникалардың қозғалысына түбегейлі тыйым салынды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz