RU
Толық нұсқаға өту

Конституциялық Соттың нормативті қаулыларын іске асыру мәселелері қаралды

30.05.2024, 17:35 647

Прокурорлар 15 мыңнан астам қылмыстық істің Конституциялық Сот ұстанымдарына сәйкестігін тексерді.

Сондай-ақ 4 жарым мың азаматтық іс, сотталғандардың 3 жарым мың өтініші сотқа дейінгі тергеу барысындағы 3 жарым мың құжат осындай тексерістен өтті. Нәтижесінде 26 мың азаматтың құқығы қорғалды. Конституциялық бақылау органының талаптарын елемеген уәкілетті органдарға 13 қадағалау актісі жіберілді. Бұл деректер Бас прокуратурада Конституциялық Сот төрағасы және судьялардың қатысуымен өткен кездесуде айтылды. Жиында Конституциялық Соттың нормативтік қаулыларын іске асыру мәселелері қаралды. Бас прокурор Берік Асылов азаматтардың құқықтарын қорғау үшін Конституциялық Сотпен өзара іс-қимыл жалғасатынын атап өтті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz